ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2022 | 12:51
Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасаған күдікті анықталды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің өміріне қастандық жасаған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің өміріне қастандық жасаған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.
Полиция Нара қаласында 41 жастағы Ямагами Тецуяны қамауға алған. Ол бұған дейін Жапонияның теңіздегі қорғау күштерінде қызмет еткені хабарланды. Оқиға орнында полицейлер қолдан жасалған қаруды тәркіледі.
Оқиғаның куәгері болған екі әйел NHK арнасына берген сұхбатында, ер адам Абэ сөз сөйлеп жатқанда артынан келгенін айтты. Куәгерлердің айтуынша, алғашқы оқтан ешкім зардап шекпеген. Алайда екінші рет оқ атылғанда Абэ жерге құлаған.
Қазір Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ауруханада жатыр. Министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Матсуно Жапония үкіметі бұрынғы премьер-министрге жасалған қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын айтты.
"Қазір дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Мен бұрынғы премьер-министр Абэ аман қалады деп үміттенемін және дұға етемін", - деді Кисида журналистердің сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, Синдзо Абэнің жағдайы ауыр.
Еске салайық, бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также