26 қазан 2021 | 20:00

"Жарайды, құдай-ау". Лукашенко ауруханада маска тағуды ұсынғандарға ашуланды

Беларусь президенті Александр Лукашенко жұмыс сапары барысында Гроднодағы ауруханаға барған. Мұнда коронавирус жұқтырғандар да емделеді. Медициналық мекемеде шенеуніктер мемлекет басшысын маска тағып, қолын антисептікпен өңдеуге көндіруге тура келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко жұмыс сапары барысында Гроднодағы ауруханаға барған. Мұнда коронавирус жұқтырғандар да емделеді. Медициналық мекемеде шенеуніктер мемлекет басшысын маска тағып, қолын антисептікпен өңдеуге көндіруге тура келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видеоны президент баспасөз қызметіне жақын "Пул Первого" Telegram-арнасы жариялаған.

Жарияланған видеода Лукашенко жергілікті шенеуніктер мен медмекеме қызметкерлерінің ортасында тұр. Олар қорғаныс киімін киген, респиратор таққан, медициналық қолғап киген. Бір сәтте олар президентке маска тағуды ұсынады.

Реклама
Реклама

Лукашенко қарсылығын әзілдей айтып, қорғаныс құралдары жұмыс істеуге кедергі келтіретінін жеткізеді. Алайда сол жерде тұрған денсаулық сақтау министрі Дмитрий Пиневич пен Гродненск облысының губернаторы Владимир Караник оған қорғаныс құралын қалай тағу керегін түсіндіреді. Бірақ мемлекет басшысы сол күйі қолғапты кимей кетеді.

"Қыстыра тақтым ғой, тағы не керек?... Жарайды, себе салайын, құдай-ау", - дейді Лукашенко. Ал сосын ол антисептикті өзіне қарата сеуіп, бұл ісін шенеуніктердің қалағанын орындау үшін ғана жасағанын ұқтырады.

Ал операциялық блокқа кірген ол науқастар жоғын байқап, бірден мұрнын ашып, респираторын түсіріп қояды, бірақ шенеуніктер қайтадан президенттен маска тағуын өтінуге мәжбүр болады.

"Бітті, Пиневич менімен бірге ауруханада болмасын! Мұнда ешкім жоқ қой (COVID-19 жұқтырғандар туралы айтып тұр - ред.)!" - дейді президент денсауминнің айтқанына көнбей.

Сондай-ақ, Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцинаны құпия түрде батыстан барып егіп келгенін және сондықтан "қызыл аймақтағы" COVID-19 жұқтырғандар емделетін белорус клиникаларына қорықпай барып жүр деген тұжырымды жоққа шығарады.

"Лукашенко - басты ковид-диссидент деген сөз шықты... Бәрінің назары осында: Лукашенко аймақтарға ("қызыл" - ред.) кіріп жүр, бірақ әлі өлмеді... Сосын бір оңбаған "Лукашенко шетелдік вакцина салдырған соң өлмей жүр" деп жалғапты. Біздің елде шетелдік вакцина жоқ, "Спутник" пен қытайлық екпеден басқа, бұл екпелер батыстың екпелерінен кем түспейді", - дейді Лукашенко.

Осыдан кейін ол белорус оппозициясы қоғамға елге батыстың вакциналарын жеткізу туралы идеяны тастап жүргеніне тоқталды.

"Не үшін? Өздері екпесін алып, паспортын алып, сол жаққа, "өз адамдарына" барып, нұсқау алуы үшін. Батысқа шығу үшін - көздегендері осы. Сол жаққа барып, вакцина алыңдар", - дейді Лукашенко.

Ол пандемияға қатысты ұстанымын да түсіндірді. Оның сөзінше, "кез келген ауру мида: осы ауруға байланысты уайымдай бастасаң, демек оны онға көбейт". "Ауруды қалай өткеретінің әрбір адамға байланысты. Адам адамға жау", - дейді ол.

Бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт Лукашенко COVID-19 жұқтырған науқастар жатқан Минск облысындағы ауруханаға барған кезде неге әрдайым қорғаныс маскасын тақпай жүргенін түсіндірген еді. Баспасөз хатшысы шенеуніктер Президентке маска мен қолғап киюді табанды түрде ұсынғанын, бірақ ол кейде масканы төмен түсіріп қоятынын жеткізген. Оның айтуынша, мемлекет басшысы бұл тұрғыда "барлығы ерікті болуы тиіс" деген қағидатқа сәйкес әрекет етеді.

Қазан айында Лукашенко елдегі коронавирустың төртінші толқыны жағдайында эпидемиологиялық ахуал бойынша жиналыс өткізген болатын. Шара барысында ол COVID-19-ға қарсы мәжбүрлі вакцинацияға қарсы екенін, маска тағу режимін сақтамағаны үшін айыппұлдарға және маска тағу талаптарының сақталуын тексеру үшін полицияның қатысуымен қоғамдық орындарда бақылау шараларына қарсы екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, инфекцияның таралуымен күресу үшін айыппұл мен мәжбүрлеу емес, адамдардың басқаларға деген жеке жауапкершілігін арттыру қажет. Президенттің пікірінше, "әр адам өз тағдырын өзі қалағандай басқаруы керек".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная