ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2020 | 14:34
Жастар арасында СOVID-19 жұқтыру 3 есе артты - ДДҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) соңғы 5 айда жастар арасында коронавирус жұқтыру 3 есе артқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) соңғы 5 айда жастар арасында коронавирус жұқтыру 3 есе артқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.
24 ақпан мен 12 шілде аралығында әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 миллион дерегі тіркелген. Оның ішінде жастар арасында COVID-19 жұқтыру 15 пайызға өскен. Осыған дейін бұл көрсеткіш 4,5 пайыз болған. ДДҰ жастарға 15 пен 24 жастағы адамдарды жатқызады.
Германия, Испания, Франция және Жапония елдерінде коронавирус жұқтырғандар арасында жастар өте көп.
"Жастар маска тағу және арақашықтықты сақтау талабын елемейді. Саяхат жасау да COVID-19 жұқтыру және таралу қаупін арттырады", - дейді АҚШ-тағы Johns Hopkins госпиталінің бас медбикесі Нейса Эрнст.
Оның айтуынша, жастар жағажайға демалуға, клубтарға және дүкенге жиі барады.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған балалар санының өсуіне алаңдаушылық білдірді. Осы жылдың бес айында 5 пен 14 жас арасындағы балалардың COVID-19 жұқтыру дерегі 4,6 пайызға өскен.
Сарапшылар жаңа оқу жылында коронавирус жұқтырған оқушылардың саны өсуі мүмкін деген болжам жасап отыр.
Сарапшылар жастарға маска тағып, арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жерге бармауға кеңес берді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также