ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2020 | 16:03
Жээнбеков дереу отставкаға кетуі керек - Атамбаев
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев елдің қазіргі басшысы Сооронбай Жээнбековті тез арада отставкаға кетуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев елдің қазіргі басшысы Сооронбай Жээнбековті тез арада отставкаға кетуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Сооронбай Жээнбеков (премьер - министр-ред.) Садыр Жапаровқа уәде еткендей, дереу отставкаға кетуі керек. Біз бұған бәріміз бірге қол жеткізуіміз керек. Әйтпесе, кеш болады", - деп жазды Атамбаев адвокаттары таратқан хабарламада.
Сооронбай Жээнбеков өкілеттігін доғарса, оның орнын кім басады?
Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда елдегі парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также