Жээнбеков премьер-министр кандидатурасын қайта қарауды ұсынды

Фото: cloop.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламентке Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне тағайындау мәселесін қайта қарауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламентке Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне тағайындау мәселесін қайта қарауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаңадан сайланған парламент спикері Қанат Исаевқа хат жолдаған.

"Онда премьер-министр қызметіне кандидат Садыр Жапаров ұсынған бағдарламаны бекіту, үкімет құрылымы мен құрамын айқындау туралы Жогорку Кенештің (Парламенттің - ескерту) шешімдерін президент аппараты заңнаманың бұзылуына байланысты парламентке қайтарғаны туралы айтылған. Мемлекет басшысы бұл мәселені Жогорку Кенештің кезекті отырысында белгіленген тәртіппен қарауды ұсынды", - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Жээнбеков премьер-министрді тағайындау туралы парламент шешімін алды

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді.

Тәртіпсіздік салдарынан 1 мыңнан аса адам зардап шекті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама