15 қазан 2020 07:16

Жээнбеков премьердің талабы бойынша отставкаға кетуден бас тартты

Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазір отставкаға кетпейді, ол елдегі парламент сайлауынан кейін ғана қызметтен кетуге дайын. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазір отставкаға кетпейді, ол елдегі парламент сайлауынан кейін ғана қызметтен кетуге дайын. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Сәрсенбіде Сооронбай Жээнбеков жаңа премьер-министр Садыр Жапаровпен кездесті. Баспасөздің мәліметінше, кездесуде "премьер президент бүгін кешке отставкаға кету керек деген талабын айтқан".

Реклама
Реклама

"Сооронбай Жээнбеков қазір президент лауазымын тастап кете алмайтынын тағы атап өтті. Бұл мемлекет үшін кері әсер етеді және ойламаған жайдайға әкеп соғуы мүмкін. Ол 2020 жылғы 9 қазанда айтқан позициясын ұстанатынын еске салды: елді құқықтық алаңға қайта келтіргеннен кейін - парламент сайлауы өткен соң, елдің жаңа президентін сайлау туралы жарияланғаннан кейін отставкаға кетеді", - деді Стамалиева.

Еске салайық, 5 қазанда Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламент сайлауының нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. Олармен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram