ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2020 | 09:23
Желі қолданушылары "Қазақстан" белгіленбеген 1922 жылғы картаға таңғалды
Америкалық танымал Reddit сайтында дүние жүзінің картасы жарияланды. Ол 1922 жылы Лондонда жасалған, - деп хабарлайды Lenta.ru. Картаның толық нұсқасын мына жерден қарауға болады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық танымал Reddit сайтында дүние жүзінің картасы жарияланды. Ол 1922 жылы Лондонда жасалған, - деп хабарлайды Lenta.ru. Картаның толық нұсқасын мына жерден қарауға болады.
Желі пайдаланушылары сол уақыттан бері қанша өзгеріс болғанына таңданып, пікір жазды. Атап айтқанда, картада белгіленген көптеген мемлекет қазір жоқ, ал сол кездегі атаулары бүгінгісінен айырмашылығы бар.
Қазіргі Қазақстан территориясы KIRGHIZ REPUB деп, ал Қазақстанның оңтүстігі бүгінгі Қырғызстан мен Өзбекстанның бір бөлігі болып TURKESTAN деп көрсетілген.
© reddit.com
Гавайи аумағы Сандвичев аралдары деп белгіленген. Мұндай атауды ағылшын теңізшісі Джеймс Кук қойған.
Тағы бір мысал - Британиялық Үндістан. Британия империясының сол кездегі колониясы қазіргі Үндістан, Пәкістан, Бангладеш және Мьянма территориясын алып жатыр.
Корея бір мемлекет болып белгіленсе, Иордания мүлдем жоқ (ол кезде бұл мемлекеттің территориясы Палестина құрамына кіретін) және Югославия, керісінше, картада бар.
Араб түбегінде исламның шыққан орны болып есептелетін Хиджаз территориясы бөлек көрсетілген. Бұл жерде қасиетті Мекке мен Медина орналасқан. Қазір ол - Сауд Арабиясының бөлігі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также