24 тамыз 2021 | 16:31

Желіде Ауғанстан туралы тарап жатқан фейктер

Фото ©REUTERS

Aibat жаңалықтар қызметі Ауғанстан мен тәліптер туралы қазір Желіде тарап жүрген танымал фейктерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Aibat жаңалықтар қызметі Ауғанстан мен тәліптер туралы қазір Желіде тарап жүрген танымал фейктерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауғанстанда "Талибан" (Қазақстанда Жоғарғы сот шешімі бойынша тыйым салынған қозғалыс) билікті басып алғаннан кейін әлеуметтік желілерде көптеген фейк тарады. Өңірдегі жағдайдан бейхабар жұрт мәліметтің анық-қанығын анықтай алмауы мүмкін. Журналистер мысал ретінде бірнеше фейкті атапты. 

Реклама
Реклама

Мысалы, "билеп жүрген тәліптер" туралы видео Facebook-те 3,5 миллион қаралым жинаған. Видеоға түрлі әуен қосылып таралып жүр, солардың ішінде қазақша ән де бар.

Алайда роликте билеп жүргендер пәкістандықтар екен. Олар 2021 жылдың наурызында өткен той салтанатында билеген.

Тағы бір фейк - балмұздақ ұстап тұрған тәліп делінген сурет. Шын мәнінде бұл суретті америкалық фотограф Стив МакКари 2002 жылы түсірген. Автор ауғанстандық ер адамды балаларына балмұздақ сатып алып беріп тұрған сәтінде түсіріп алғанын айтады.

Ауғанстанда түсірілді деген тағы бір видеода тәліптер әйелді дұрыс киінбегені үшін жазалағаны айтылады. Алайда бұл видео алты жыл бұрын Сирияда түсірілген. Онда ислам радикал ұйымның содырлары бейнеленген. Олар күйеуінің көзіне шөп салды деген әйелді атып өлтірген.

Жағдайда бұрмалаудың тағы бір мысалы: CNN репортері Кларисса Уордтың тәліптер жаулағанға дейін және одан кейін түсірілген делінген киген киімі. Репортаж басында ол ашық киіммен хабар таратқаны, ал тәліптер билікке келген соң бірден жамылып алғаны айтылған.

Алайда кейінірек журналистің өзі Twitter желісінде жазба жариялап, жағдайды түсіндірді: сөйтсе жоғарыдағы сурет үйінің ауласында түсірілген екен де, төмендегі суреті көшеде, тәліптер бақылауындағы территорияда түсіріпті. Ал осыған дейін көшеде түсірген барлық хабарында ол орамал жамылып келген екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная