Желіде Чилидегі зообақта түсірілген жантүршігерлік кадрлар пайда болды

© NoticiasChelmevision

Чили БАҚ-тары Twitter әлеуметтік желісінде Сантьяго қаласындағы зообақта болған оқиғаның жантүршігерлік кадрларын жария етті. Сенбі күні таңғы уақытта 20 жастағы ер адам суицид жасау үшін африкалық арыстандардың торына түскен.

Кадрлардан жыртқыштың ер адамды талап жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама


© NoticiasChelmevision

Сонымен қатар, Желіде оқиға орнында түсірілген видео да пайда болды. Оқиға келушілердің бірі түсіріпті.

Айта кетейік, мұндай оқиға бұл хайуанаттар бағында осыған дейін де болған. Мекеме қызметкерлері жыртқыштардың торына кіріп кеткен ер адамды құтқару үшін екі арыстанды өлтіруге мәжбүр болды. Ол аман қалып, ауруханаға жеткізілген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама