14 наурыз 2022 | 09:02

Желіде Қадыровтың Киевтегі әскери іс-қимыл аймағында жүрген видеосы тарады

© Reuters

"Грозный" телеарнасы Telegram-арнасында және RT телеарнасы 13 наурызда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың болжам бойынша Украинадағы әскери қақтығыс аймағында жүргені туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Грозный" телеарнасы Telegram-арнасында және RT телеарнасы 13 наурызда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың болжам бойынша Украинадағы әскери қақтығыс аймағында жүргені туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода әскерилер Шешенстан басшысына жағдай туралы баяндап, шабуылдың мән-жайын айтып жатыр. 

"Сіз бізге көрсеткен стратегия 100 пайыз жұмыс істеді", - деді әскерилердің бірі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, видеода Қадыров: "Біздің мақсатымыз - Киевті басып алу" деп айтып жатқаны көрсетілген. 

Роликте Қадыров нақты Украинада жүргені не әскерилермен кездесіп жатқаны нақты айтылмайды. Яғни түсірілім жасалған жер белгісіз.  

Украиналық БАҚ-тар барлау қызметтеріне сілтеме жасап, видео Украинада түсірілгенін жазды. 

БАҚ-та Қадыров Киевте жүргені туралы ақпарат тарағаннан кейін Зеленскийдің кеңсе басшысының кеңесшісі Алексей Арестович егер бұл ақпарат расталса, "қосалқы күш қондырғысы оның (Қадыровтың - еск.) көзін жоятынын" мәлімдеді. 

Арестовичтің мәлімдемесіне Шешенстан басшысы Telegram-арнасында жауап берді. 

"Неге "егер"? Видеоны көрмедің ба, әлде үйіңнің есігін қағайын ба?", - деп жазды Қадыров. 

Артынша, Қадыров Желіде тараған видеода Гостемелде (Киев маңындағы ауыл) жүргенін айтты. 

"Жақында сендерден 20 шақырым жерде болдым...ал қазір одан да жақынмын. Қаншалық жақын екенімді тауып көріңдерші", - деп жазды Шешенстан басшысы.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная