ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сәуір 2022 | 16:08
Желіде ресейлік әзілкештер Алматыда концерт өткізеді деген жалған ақпарат тарады
Желіде ресейлік әзілкештер Алматыда концерт өткізеді деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы әуендері" мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде ресейлік әзілкештер Алматыда концерт өткізеді деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы әуендері" мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әлеуметтік желілерде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және т. б. әзілкештердің қатысуымен "музыкалық-патриоттық марафонның" өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі "Za Россию!" баннер-афишасы жалған болып табылатындығын мәлімдеді. Афиша күні мен жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді", - делінген "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
"Ресми афиша мен концерттік бағдарламада қандай да бір саяси астары жоқ екенін еске саламыз", - деп толықтырды
Айта кетейік, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және "Однажды в России" сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған. Бұрын гастрольге сәйкес, концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына ауыстырылған.
Бүгінге дейін ұжым Қазақстанның 8 қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өнер көрсетті.
"Однажды в России" - 2014 жылдың 28 қыркүйегінен бері өнер көрсетіп келе жатқан ойын-сауық коммерциялық жобасы. Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек қана комедиялық болып қала береді, мұны "Алматы әуендері" ресми сайтында жарияланған ақпарат толық дәлелдейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также