15 желтоқсан 2022 09:14

Желіде Саакашвили жатқан аурухана палатасынан видео жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
© Special Penitentiary Service of Georgia

Грузияның арнайы қылмыстық-атқару қызметі Facebook-парақшасында елдің экс-президенті Михаил Саакашвили жатқан палатаның қауіпсіздік камераларынан 10 минуттық жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның арнайы қылмыстық-атқару қызметі Facebook-парақшасында елдің экс-президенті Михаил Саакашвили жатқан палатаның қауіпсіздік камераларынан 10 минуттық жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 14 желтоқсанда Саакашвили адвокаттары арқылы аштық жариялауды қайта бастағанын мәлімдеді. Ол сот процесіне қашықтан қатысып, елге үн қатуды талап етті. Алайда бірнеше сағаттан кейін аштық жариялауды тоқтатқаны белгілі болды.

Грузияның қылмыстық-атқару қызметі Саакашвили аштық жариялаған күні видео жариялады. Ведомство өкілдері қоғам қызығушылық танытуына байланысты жазбаны көрсетіп отырғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Видеода "Вивамеди" клиникасының кадрлары әртүрлі күндермен көрсетілген: 9 тамыз, 4 қазан, 12 желтоқсан. Ал бір бөлігінде күндер өшірілген. Кейбір кадрларда Саакашвили тамақ ішеді, ұйықтайды, палатада жүреді, тіпті медицина қызметкерлерімен жанжалдасады. 12 желтоқсанда Саакашвили жүріс арбасының көмегімен қозғалады және әлсірегені көрінеді.

Пенитенциария қызметі өкілдері видеода "сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау, қоғам мен халықаралық әріптестерді адастыру мақсаты Саакашвилидің әрекеттерінен айқын көрінетінін" мәлімдейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік орган экс-президентті қызметкерлерге қатыгездік пен дөрекі мінез-құлық жасады деп айыптайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram