22 қаңтар 2021 | 12:08

Желіде Трамптың вакцинация туралы жалған мәлімдемесі тарап жатыр

©REUTERS

Желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті тұмауға қарсы вакцинацияны "Үлкен Формацевтика ойлап тапқан алаяқтық" деп атады деген ақпарат тарады. Stopfake.kz оның жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті тұмауға қарсы вакцинацияны "Үлкен Формацевтика ойлап тапқан алаяқтық" деп атады деген ақпарат тарады. Stopfake.kz оның жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

АҚШ-тың экс-президентінің фармацевтикалық компанияларға қатысты "айыптаулары" туралы жарияланымда Opie Radio-ға берген сұхбат жайлы айтылған. Онда Трамптан тұмауға қарсы вакцинация туралы сұрайды, ал ол тұмауға қарсы екпені ешқашан жасатып көрмегенін айтады, бұдан басқа ештеңе жоқ. Содан кейін ол 2014-2015 тұмауға қарсы вакцинация науқанын "мүлдем тиімсіз" деп атайды. Бірақ дәрі-дәрмек өндірушілердің алаяқтық іс-әрекеттері жайлы сөз қозғамайды.

Реклама
Реклама

Бұл сұхбат 2015 жылы жазылған, ал 2020 жылға қарай ол өз пікірін өзгертті. Washington Examiner тілшісіне берген сұхбатында Трамп тұмауға қарсы вакцинаның үш дозасын алғанын растады. 

Stopfake.kz вакциналардың тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденгенін және расталғанын жазды. ДДҰ мәліметтері бойынша, тұмауға қарсы вакцина 18-64 жас аралығындағы сау ересектерге, шамамен 60 пайыз жағдайда, ауруды жұқтыруға жол бермейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная