24 қараша 2021 | 09:05

Жер бетіндегі ең қарт әйел қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: © City Government of Kabankalan/Facebook

Әлемдегі ең қарт әйел Франциска Сусано Филиппинде 124 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемдегі ең қарт әйел Франциска Сусано Филиппинде 124 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ол 22 қарашада көз жұмды, бұл туралы Кабанкалан қаласының үкіметі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

"Франциска Сусаноның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар алдық. Ол әрқашан біздің мақтанышымыз болып қала береді", - деп жазды.

Реклама
Реклама

Оның қайтыс болу себебі көрсетілмеген. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы зейнеткерде вирустың белгілері жоқ екенін мәлімдеді.

Қала билігі марқұм әлемдегі ең қарт адам ретінде ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгенін атап өтті. Сусано 1897 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келді.

Еске салайық, қазанда жер бетінің ең қарт тұрғыны Натабай Тинсиеу Эритреядағы Азефа атты шалғай ауылда 127 жасында қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная