05 қараша 2021 | 10:31

Жер бетінен жойылып кетуі мүмкін елдер аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©Роскосмос/Антон Шкаплеров

Жаһандық жылыну, мұздың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты аралдардағы бірнеше мемлекет жойылып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаһандық жылыну, мұздың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты аралдардағы бірнеше мемлекет жойылып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Климаттың өзгеруі әсерінен зардап шегуі мүмкін аумақтарға Кирибати, Тувалу және Маршалл аралдары жатады.

Кирибатидегі ғаламдық экологиялық үкіметтік емес ұйым Climate Action Network координаторы Пелениза Алофаның айтуынша, Глазгодағы БҰҰ саммиті арал мемлекеті үшін маңызды оқиға. Ол теңіз деңгейінің көтерілуі мен тропикалық дауылдардың күшеюі адамдар өмірі мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіретінін еске салды.

Реклама
Реклама

"Біз бір реттік оқиғалар туралы айтып отырған жоқпыз. Үйлерді толық қирату қаупін төндіретін табиғи құбылыс туралы айтып отырмыз", - деп келтіреді Алофаның сөзін Express газеті.

Басылым мәліметінше, Кирибатидің бұрынғы президенті Аноте Тонг Глазгодағы COP26 саммитінде сөйлеген сөзінде елге климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптер туралы айтты. Сондай-ақ, ол Австралияның осы саладағы саясатын сынға алды, делінген мақалада.

Ғалымдар жаһандық жылынудың жағымсыз әсерін азайту үшін Жердегі температураның көтерілуін цельсий бойынша бір жарым-екі градус шегінде шектеу қажет екенін бірнеше рет айтты. Осы мақсатта 2015 жылы 190-нан аса мемлекет осы мақсатқа жету үшін нақты іс-қимыл жоспарын қарастыратын Париж келісіміне қол қойды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная