Жер сілкінісінен кейін 60-тан аса ел Түркияға көмек көрсетіп жатыр - Ердоған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Жер сілкінісінен кейін 60-тан аса ел Түркияға көмек көрсетіп жатыр - Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы адам өліміне әкелген жер сілкінісінен кейін Түркияға 60-тан астам мемлекет көмек көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Ердоған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісінен зардап шеккен қалалардың бірі Хатайға барды.

"Біз тарихымыздағы ең ірі жер сілкіністерінің бірін бастан өткердік. Өкінішке орай, Хатай - бұл апаттан ең көп зардап шеккен және ең көп қираған және адам шығыны көп болған қалалардың бірі", - деді Түркия басшысы.

Жарнама
Жарнама

Ол 60-тан аса елдің түрлі көмек көрсетіп, осы қиын күндерде Түркияға қолдау көрсеткенін атап өтті. Ол бірінші болып жауап беріп, көмекке асыққан Әзербайжан, Израиль, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт елдеріне алғыс айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама