Жерді магниттік дауыл басты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 1473
comments icon 0
Иллюстрациялық фото: zi.ua Иллюстрациялық фото: zi.ua

Жерде әлсіз G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жерде әлсіз G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресей ғылым академиясы Физика институтының күн рентген астрономиясы зертханасының веб-сайтында магниттік дауыл 30 қаңтарда күннің орташа күші - М класының ұзаққа созылған өршуіне байланысты болғаны айтылған.

2022 жылдың қаңтары соңғы бірнеше жылдағы геомагниттік оқиғаларға толы айлардың бірі болғаны айтылған. Мамандар Күнде белсенділік жоғарылағанын байқаған. Бұл жағдайда Күн циклі ерте кезеңінде болады және Күн белсенділігінің шыңы тек 2023 жылдың ортасында күтіледі.

Реклама
Реклама

Магниттік дауылдарды бес деңгейде жіктейді.  G1-ден G5-ке дейін. Әлсіз дауыл электр жүйелерінің жұмысында шамалы ақаулар тудыруы мүмкін, сонымен қатар құстар мен жануарлардың қоныс аудару жолына әсер етуі мүмкін деп саналады. Күшті дауылдар қысқа толқындық байланыстың және навигациялық жүйелердің жұмысының бұзылуына, сондай-ақ өнеркәсіптік желілердегі кернеудің бұзылуына әкеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Гүлнара Досымшалова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная