22 маусым 2020 | 13:37

"Жүрегі шыдамаған". Англияда жұмыртқаларының жарылғанын көрген аққу өлді

Фото: All About Bolton / facebook.com

Англияның Манчестер қаласында жұмыртқаларының жарылғанын көрген аққу өлді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Англияның Манчестер қаласында жұмыртқаларының жарылғанын көрген аққу өлді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.

Манчестерде жасөспірімдер аққудың ұясындағы жұмыртқаларды кірпішпен жарған. Салдарынан 6 жұмыртқанының үшеуі жарылған, екеуіне зақым келген. Белсенділер тек бір жұмыртқаның жарылмағанын атап өтті. 

Реклама
Реклама

The heartless teenagers smashed her unhatched eggs with bricks and rocks. ??

— LADbible (@ladbible) June 21, 2020

Басылымның хабарлауынша, 20 мамырда жасөспірімдер көпірден аққудың ұясына әдейі кіршіп лақтырған. Осы уақытта ұрғашы аққу ұяда болмаған. Ол жұмыртқаларының жарылғанын көрген кезде "оның жүрегі шыдамаған". Бір айдан соң белсенділер аққуды ұясынан өлі күйінде тапқан. 

Қайғылы оқиғадан соң аққудың екінші жұбы жоғалып кеткен. Ол "күйзеліске шыдай алмаған" болуы мүмкін.

"Менің білерім аз. Ол жұмыртқаларының жарылғанын көрді, ал "өмір бойы бірге боламыз" деп таңдаған жұбы оны тастап кетті. Бұл жағдайға "оның жүрегі шыдамаған" болуы мүмкін", - дейді белсенді Сэм Вудроу.

Сондай-ақ, ол жұмыртқалар жарылғаннан кейін аққуға иттер шабуыл жасағанын атап өтті.

"Досы оны жалғыздықта қалдырды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең аққудың ұясында өлгені туралы хабар алдым", - дейді белсенді.

Жануарларды қорғаушылар аққулар қиын жағдай тап болса, олардың өлетінін айтады. Сонымен қатар, аққуларды жұбы тастап кетсе, олар өлуге шешім қабылдайды екен.

"Бұл - өте қайғылы жағдай. Аққудың өлімі туралы жаңалықты ауыр қабылдадық", - дейді жануарларды қорғаушылар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная