23 мамыр 2020 | 12:35

Журналист тікелей эфирде Трампты "ауру" деді

MSNBC жүргізушісі Мика Бжезински арна эфирінде АҚШ президенті Дональд Трампты "зұлым, ауру адам" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

MSNBC жүргізушісі Мика Бжезински арна эфирінде АҚШ президенті Дональд Трампты "зұлым, ауру адам" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, Бжезински Трампт Twitter-дегі парақшасында АҚШ өкілдері палатасының мүшесі болған күйеуі Джо Скарбороға айып тағып, жазба қалдырғаны үшін осындай әрекетке барған. Трамп 2001 жылы Скарбороның қол астында тағылымдамадан өткен қыздың жұмбақ өлімін еске салып, тергеуді қайта бастауға шақырған.

Реклама
Реклама

Тележүргізуші Трамптың АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны туралы айтқан сөзін сынға алды. Оның айтуынша, бүкіл әлемдегі CAVID-19 жұқтырғандардың жалпы санының 31 пайызы АҚШ-қа келеді, алайда Трамп мұны "жақсы" деп отыр және ол тестілеудің тиімділігін дәлелдейді-мыс. Журналистің пікірінше, бұл жағдай тарихқа АҚШ президенті алдын ала алмаған гуманитарлық апат ретінде енеді.

"Жағдайды пайдалана отырып, мынаны айтайын: бұл ауру адамның сөзі. Дональд, сен ауру адамсың, науқас. (...) Осыны тек Джоға ызалы болғансоң істеп отырсың, себебі, ол сені қайта қысты, өйткені ол шындықты, сені басқалардың жағдайы мүлде қызықтырмайтынын тіке айтты және осы үлкен гуманитарлық апатты сен жеңе алмайсың, оны тек ушықтырып жібердің, әлі де ушықтырып жатырсың және басқа адамдарға ауруыңды жұқтырып алмас үшін маска да кимейсің", - деді Бжезински.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная