Кабардино-Балкарияда парламент депутаты оққа ұшты

Кабардино-Балкарияда парламент депутаты оққа ұшты © Rus-img2.com

Кабардино-Балкарияда белгісіз біреулер парламент депутатын атып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тергеу комитетінің мәліметінше, Хадис Боттаев сенбі күні таңғы сағат 9.00 шамасында Нальчик қаласының Хасанья ауылындағы өзінің үйінде оққа ұшқан. Ол басынан алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тапты. Тергеушілер "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Боттаев былтыр "Единая Россия" партиясы атынан Кабардино-Балкария парламентінің депутаты болып сайланған еді. Ол Нальчиктегі қалалық №2 аурухананы 15 жыл басқарды. Ал биыл республикалық аурухананың бас дәрігері болды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама