ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2021 | 13:54
Кабул әуежайындағы атыс кезінде ауған әскери қызметкері қаза тапты
Кабул әуежайындағы атыс кезінде Ауғанстан қауіпсіздік офицері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кабул әуежайындағы атыс кезінде Ауғанстан қауіпсіздік офицері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы неміс әскери қызметкерлері Twitter-де мәлім етті. Сондай-ақ, бұл оқиғаға АҚШ пен Германия күштері қатысқаны хабарланды. Оқиға салдарынан тағы үш адам жарақат алған.
"Кабул әуежайының солтүстік қақпасында ауған қауіпсіздік күштері мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Ауған қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жараланды", - делінген хабарламада.
Елден кетуге тырысқан мыңдаған адам әлі де әуежай айналасында жүргені айтылды.
Бұған дейін Панжердегі қарсылық отрядтарының жетекшісі Ахмад Масуд провинцияны "Талибан" билігіне беруден бас тартқаны хабарланған болатын. Оның айтуынша, көтерілісшілер тәліптерге қарсы тұруға ниетті. Масуд, егер "Талибан" халықты билікті мойындауға мәжбүрлейтін болса, онда олар ұзақ уақыт билікте қала алмайтынына сенім білдірді.
Еске салайық, 17 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялаған болатын. Содырлар үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.
Кейін тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алғаны, ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кеткені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также