Кабулда жарылыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Кабулдың батысындағы ауданда жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Кабулдың батысындағы ауданда жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қолдан жасалған бомба салдарынан белгісіз адамдар қайтыс болды.

Реклама
Реклама

"Жарылыс кезінде дүкенде сатып алушымен жұмыс істеп жатыр едім. Жарылыс орнынан құрбандарды алып кетіп жатқанын көрдім, олардың қайтыс болғанын немесе жараланғанын білмеймін", - деді Коте Санги ауданындағы дүкен иесі Ахмад Муртаза.

Жергілікті Tolo News телеарнасы қауіпсіздік қызметкері жасырын түрде жарылыс дерегін растағанын, бірақ зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Оқиға магниттік бомба Кабулдың батысындағы шағыноавтобусты жойып, бірнеше адамды өлтіріп, жарақаттағанына 2 күн өткен соң болған. Оқиға үшін жауапкершілікті кейінірек ДАИШ террористік тобы (Ислам мемлекеті - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) алды.

Бұған дейін Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының Спин Гар ауданындағы мешітте жарылыс болып, шамамен 12 адам жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама