Кабулда тәліптер әйелдерге оқ жаудырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

"Талибан" лаңкестік ұйымының содырлары (Жоғарғы соттың шешімімен Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Кабулда шеру ұйымдастырған әйелдерге оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Талибан" лаңкестік ұйымының содырлары (Жоғарғы соттың шешімімен Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Кабулда шеру ұйымдастырған әйелдерге оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ауғанстанның Asvaka агенттігі Twitter-де хабарлады. Оқиға италиялық гуманитарлық ұйымның ауруханасы маңында болғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Кабул әскерлері АҚШ әскерінің наразылығын болдырмау үшін жедел жәрдем ауруханасы маңындағы аймақта әйелдерге оқ жаудырды", - делінген хабарламада.

Әзірге зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін TOLOnews телеарнасы Ауғанстан астанасында ондаған әйелдің наразылық акциясына шыққанын хабарлаған. Белсенділер өз құқықтарын сақтауды, тұрмыс жағдайын жақсартуды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама