06 қыркүйек 2021 | 12:09

Каддафидің ұлы түрмеден босай салып Түркияға ұшып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ливия билігі 2011 жылғы көтеріліс кезінде биліктен шеттетілген және өлтірілген бұрынғы көсем Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафиді босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ливия билігі 2011 жылғы көтеріліс кезінде биліктен шеттетілген және өлтірілген бұрынғы көсем Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафиді босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, жеті жыл түрмеде отырған Саади бостандыққа шыға салып Стамбулға ұшып кеткен.

Каддафидің ұлы жоғары лауазымды өкілдер мен премьер-министр Абдулхамид Дбейбех қатысқан келіссөз нәтижесінде босатылған, деп хабарлады агенттік. Келіссөздерге бұрынғы ішкі істер министрі Фатхи Башага да қатысқандығы нақтыланды.

Реклама
Реклама

Саади Каддафи НАТО-ның қолдауымен көтеріліс кезінде Нигерияға қашып кеткен, бірақ 2014 жылы Ливияға экстрадицияланды. Содан бері Триполиде түрмеде болды. Ол 2011 жылы демонстранттарға қарсы қылмыс жасады деп айыпталған, 2005 жылы Ливия футбол жаттықтырушысы Башир Әл-Райаниді өлтірді деген айыппен сотталды.

Еске салайық, 2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен кеткеннен кейін, оның өзі және оның туыстары үшін қиын кезең басталды. Көтерілісшілер Каддафиді, ұлы Муатасемді өлтірді. Тағы бір ұлы Хамис Триполиді бомбалау кезінде қаза болды.

Әкесінің қызметіне белсене қатысқан Каддафидің ең адал серіктерінің бірі Сейф әл-Ислам тұтқынға алынды. 2015 жылдың шілдесінде ол өлім жазасына кесілді. Каддафидің қызы Айша, сондай-ақ оның әйелі мен екі ұлы - Мұхаммед пен Ганнибал балаларымен бірге Алжир аумағына қашып кетіп, пана алды.

2011 жылы қарулы қақтығыс кезінде ел басшысы Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін, Ливия дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Елде қос билік пайда болды: шығыста - Тобрук қаласында, жалпы сайлауда сайланған парламент, ал батыста - ел астанасы Триполиде БҰҰ мен ЕО қолдауымен құрылған ұлттық келісім үкіметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная