05 ақпан 2021 | 09:29

Қадыров Мәскеудегі митингіде полицейлермен төбелескен жігітті сынға алды

© instagram/groznytv

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 23 қаңтарда Мәскеуде Алексей Навальныйды қолдау митингінде полицейлермен төбелескен Саид-Мухаммед Джумаевты қатты сынға алды. Қадыровтың мәлімдемесі Instagram-желісіндегі groznytv парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 23 қаңтарда Мәскеуде Алексей Навальныйды қолдау митингінде полицейлермен төбелескен Саид-Мухаммед Джумаевты қатты сынға алды. Қадыровтың мәлімдемесі Instagram-желісіндегі groznytv парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шешенстан басшысының айтуынша, "Джумаев қылмыс жасаған және оның әрекеті "еркектікке" жатпайды". Қадыров өзінің сенімдерін қорғайтын адам заңсыз әрекет жасағаннан кейін тығылмауы керек, оған жауап беруі керек деп санайды.

Реклама
Реклама

Қадыровтың айтуынша, Джумаев шешен халқына зиян келтірді.

"Егер ол нағыз шешен болса, былай жасамайтын еді", - деді Қадыров.

Қадыров біреулер Джумаевты батыр қылып, оның айналасына адамдарды жинауға тырысқанын мәлімдеді.

"Төбелестен кейін қашып кеткен қорқақ қасқырды батыр қылғысы келгендерді қайдан көрдіңіз? Мен ешқашан көрмедім", - деп 1adat Telegram-каналы Шешенстан басшысының сөзін келтіреді.

Аймақ басшысы сонымен қатар Шешенстанда Алексей Навальныйды ешкім қолдамайтынын атап өтті.

"Өзін-өзі құрметтейтін шешен бөтен, біздің қоғам үшін жат құндылықтарды ашық қолдайтын адамды қолдамайды", - деді ол.

Қадыров Навальныйдың шешендерге қарсы позициясын атап өтті. Навальныйдың мансабының басында  шешендерге қарсы айтқан ұстанымын еске түсірді.

"Бұл митингіге бүкіл шешен халқынан ешкім шықпайды, ал Алексей Навальныйдың билігі де, ештеңесі де жоқ", - деп келтірді Қадыровтың сөзін 1adat Telegram каналы.

"Біздің халқымыз митингінің соңы неге әкеп соғатынын жақсы біледі", - деді Рамзан Қадыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная