18 қаңтар 2019 | 17:13

Қадыров шенеуніктерге азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап беруді міндеттеді

Рамзан Қадыров. © vk.com/ramzan

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров министрлер мен жергілікті әкімшілік басшыларын апта сайын телекөрсетілім арқылы тікелей эфирде маңызды мәселелер туралы сұраққа жауап беруді міндеттеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров министрлер мен жергілікті әкімшілік басшыларын апта сайын телекөрсетілім арқылы тікелей эфирде маңызды мәселелер туралы сұраққа жауап беруді міндеттеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Республика үкіметінің министрлері мен аймақ басшылары халықты мазалайтын сұрақтарға жауап беріп, "Грозный" телеарнасы арқылы тікелей диалог орнатуы қажеті. Қандай мәселелер шешіліп жатыр, қай салада қандай жағдайлар болып жатқаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Мен оларды апта сайын тікелей әңгімеге шақыруды бұйырдым", - деді өңір басшысы.

Реклама
Реклама

Қадыров кез келген шенеуінк өз ведомствосындағы болып жатқан жағдай туралы мағлұматқа қанық болуы керектігін айтты және биліктің жұмысы тиімді болуы үшін өзі басқарып отырған саланың жұмысын реттеп отыру керектігін айтты. 

"Осыдан хабарсыз болған адамдарға орнын босатуға тура келеді. Бұл өткен жыл бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен қала, аудан басшыларына қатысты айтылған", - деді республика басшысы. 

2018 жылы біршама ресейлік басшылар даулы үндеулер жариялады. Мысалы Сведлов облыстық жастар саясаты департаментінің директоры Ольга Глацких жастар жобасын қолдау тақырыбын талқылау кезінде "мемлекет жастарға ештеңе беруге міндетті емес" - деген еді. 2018 жылы желтоқсанда ол өз еркімен жұмыстан кетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная