06 желтоқсан 2022 | 08:48

Қадыровты сынаған блогерді өлтіріп кетті - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынға алған танымал блогер Тумсо Абдурахмановты Швецияда өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынға алған танымал блогер Тумсо Абдурахмановты Швецияда өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

"Тумсоны түнде бір топ адам атып кетті, қазір кісі өлтіру бабы бойынша оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр", - делінген БАҚ-та жарияланған ақпаратта.

"Азаттық" радиосының мәліметінше, Абдурахмановты 2 желтоқсанға қараған түні атып кеткен. Швеция билігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Реклама
Реклама

Тумсо Абдурахманов желтоқсанның басынан бастап байланысқа шықпаған. Құқық қорғаушылар оның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Тумсо Абдурахманов Шешенстан билігі мен Рамзан Қадыровты сынға алған блогерлердің бірі. Ол YouTube желісіндегі ABU-SADDAM SISHANI арнасында сынға толы видео жариялайды. 2015 жылы блогер Рамзан Қадыровтың туыстарымен жанжалдасып, Ресейден кетіп қалған. Артынша ол Швециядан саяси баспана алды. Шешенстанда Абдурахмановқа "Ислам мемлекетінің" жиһадшыларымен байланысы бар деген айып тағылып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная