05 тамыз 2019 | 09:08

Каирде жарылыс болып, 17 адам қаза тапты

©REUTERS Мұрахат суреті

Мысыр астанасы Каирде жарылыс болып, 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр астанасы Каирде жарылыс болып, 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Оқиға қала орталығының Маньяль аймағында жағалау маңындағы тасжолда болған. Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыстың себебі - жол-көлік оқиғасы. Көлік жоғары жылдамдықпен келе жатып қарсы жолаққа түсіп, басқа көліктермен соқтығысқан. Содан кейін жарылыс болған. 

Реклама
Реклама

Жарылыс салдарынан оқиға орнынан бірнеше метр жерде орналасқан Ұлттық онкологиялық институты ғимаратының қасбеті қираған. Аурухана орталығының бірнеше емделушісі эвакуацияланған.

"17 адам қаза тапты, 32 адам жарақат алған", - деді Араб Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хал Хал Зейд баспасөз мәслихаты барысында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram