03 қараша 2021 16:36

"Қақтығысқа ешқандай себеп жоқ" - Байден Қытай туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Жыл аяғына дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен виртуал саммит өткізеді деп күтілген АҚШ президенті Джо Байден Бейжіңге қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл аяғына дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен виртуал саммит өткізеді деп күтілген АҚШ президенті Джо Байден Бейжіңге қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Байден Қытаймен қарулы қақтығыс болу ықтималдығына алаңдамайтынын айтты. Ол Си Цзиньпинге Қытай үкіметімен қарым-қатынас қақтығыс емес, бәсекелестік екенін түсіндірді.

"Қарулы қақтығыс немесе Қытайда болып жатқан дүние мені алаңдатты ма? Жоқ, алаңдатпайды. Мен бұл бәсекелестік екенін түсіндірдім. Қақтығысқа ешқандай себеп жоқ. Бірақ оған (Си Цзиньпинге - авт.ескерт.) ереже бойынша ойнайды деп күтетінімізді нұсқадым", - деді Байден COP26 саммитіндегі қорытынды баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс Америка лидерінің мәлімдемесінен кейін күшейе түсті, ол Америка Құрама Штаттары Тайваньды қорғауға дайын деп мәлімдеді.

Ақ үй басшысы АҚШ теңіз жолдары, халықаралық әуе кеңістігі және киберқауіпсіздік сияқты мәселелерге көзқарасын өзгертпейтінін айтты.

"Мен физикалық қақтығыс қажет болады деп ойламаймын, бірақ қасақана қақтығыстан жаманы - кездейсоқ қақтығыс", - деп қорытындылады Байден.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Қытай тарапынан шабуыл жасалса, Вашингтон Тайваньның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын деп мәлімдеген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram