ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 мамыр 2019 12:09
Калифорнияда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Калифорнияда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости ABC телеарнасына сілтеме жасап.
Калифорнияда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости ABC телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері ұшақтың апатқа ұшырағанын растады. Айтуларынша, ұшақ ғимаратқа барып соғылған. Ұшқыш ауруханаға жеткізілген, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жарияланған суреттер мен видеожазбаларға қарағанда, F-16 қоймаға барып соғылған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, ұшақтың гидравликалық жүйесінде ақау пайда болған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу