27 мамыр 2021 09:07

Калифорнияда ер адам атыс шығарып, тоғыз адам қаза тапты

© Reuters

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында қарулы адам атыс шығарып, салдарынан сегіз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Los Angeles Times.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында қарулы адам атыс шығарып, салдарынан сегіз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Los Angeles Times.

Атыс сәрсенбіде таңертең теміржол депосының аумағында болды. Күдікті кейін өзіне оқ атып, мерт болды. 

"Cегіз адам атыс құрбаны болды, олар қаза тапты, бір күдікті өзіне оқ атқан", - деді аудандық полиция өкілі Рассел Дэвис.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, полициядағылар қылмыскер депоға барар алдында өз үйін өртеп жібергенін айтады. Ресми мәліметтер бойынша, ол адамдарға екі түрлі ғимараттан оқ атқан.

Дэвистің айтуынша, атыс шығарған ер адам VTA теміржол компаниясының қызметкері болған. Күдікті - теміржол компаниясының қызметкері - 57 жастағы Самюэль Кэссиди.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram