Камчаткада 8,7 балдық жер сілкінісі болды: АҚШ пен Жапония эвакуацияға дайындалып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ресей Федерациясының Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 8,5-8,7 балға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей Федерациясының Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 8,5-8,7 балға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 04:24-те тіркелген.

"Камчатка аймағында 1952 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды. Әр түрлі бағалаулар бойынша магнитудасы 8,7 балға жетеді", - деп жазылған РҒА геофизикалық қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сахалин облысының губернаторы Валерий Лимаренконың айтуынша, Солтүстік Курильск қаласында 7,9 балдық дүмпу тіркелген. Цунамидің алғашқы толқыны да сезілген.

Сахалин облысы бойынша ТЖД қаланы жартылай су басқанын хабарлады.

Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша Тынық мұхиты аймағында Жапонияның шығыс жағалауына биіктігі 32 сантиметрге дейінгі толқын жақындап келеді. Елде цунами қаупі жарияланды, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Жапония билігі жағалаудағы тұрғындарды эвакуациялауға шақырды.

Цунами туралы ескерту АҚШ-та, соның ішінде Аляска, Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарында да берілді. Филиппинде де осындай шаралар қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама