31 қаңтар 2019 10:25

Камызяк мэрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Василий Сухоруков және Дмитрий Васильев. © arbuztoday.ru

Камызяк мэрі Дмитрий Васильев пен Астрахан облысы Камызяк ауданы әкімшілігінің басшысы Владимир Сухоруков пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камызяк мэрі Дмитрий Васильев пен Астрахан облысы Камызяк ауданы әкімшілігінің басшысы Владимир Сухоруков пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, ұстау шаралары сәрсенбіде түрлі уақытта жүргізілген. "Қанша сома екені әзірге айтылмаған, тергеушілер жұмыс істеп жатыр", - деді дереккөз.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қала үшін бұл бірінші даулы іс емес - 2014 жылы Камызяк бұрынғы мэрі Олег Никулика қаражат жымқырғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Астрахандағы қалалардың бірінің басшысы туралы 2012 жылы КВН Жоғарғы лигасында "Сборная Камызякского края" "Мэр туралы ән" атты әзілден кейін танымал болған еді.

Камызяк ауданы Астрахан облысының орталығында орналасқан, онда 17 муниципалды білім беру мекемесі бар және халық саны 50 мыңнан аспайды. Ауданда 15 мыңнан аса қазақ тұрады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram