23 қазан 2021 | 16:43

"Қан құйды". Саакашвилидің жағдайы белгілі болды

Фото ©REUTERS

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге аштықтан кейін қан құю қажет болды. Бұл туралы оның жеке дәрігері Николоз Киппшидзе мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Грузия порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге аштықтан кейін қан құю қажет болды. Бұл туралы оның жеке дәрігері Николоз Киппшидзе мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Грузия порталына сілтеме жасап. 

"Бір көрсеткіш өте нашар болды, сондықтан қан құйдық. Бәрі жақсы өтті. Бізге түрме дәрігерлері мен реанимобиль бригадасы көмектесті. Әзірге бәрі жақсы", - деді дәрігері.

Кипшидзенің айтуынша, түрмедегі медициналық кабинет мұндай процедураларға жарамайды. Оның пікірінше, Саакашвили түрмеден тыс клиникада емделуі қажет.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталды, ол сол күні аштық жариялады.

Экс-президент банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру және депутат Валерий Гелашвилиді ұрып-соғу істері бойынша сырттай сотталды. Сонымен қатар, ол 2007 жылы 7 қарашада болған оппозициялық митингіні тарату, "Имеди" телекомпаниясы ғимаратында бүлік шығару және мемлекеттік бюджеттен қаражат ысырап ету істерінде қаралып жатыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная