05 қыркүйек 2022 09:07

Канадада екі ер адам жүздеген тұрғынды пышақтап тастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Канаданың Саскачеван провинциясында екі ер адам әртүрлі жерлерде суық қарумен адамдарға шабуыл жасаған. Салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы он бесі ауруханаға жеткізілді. Полиция шабуыл құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City News сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

RCMP комиссарының көмекшісі Ронда Блэкмордың айтуынша, өлі және жараланған адамдар 13 жерде табылған. Полиция кейбір адамдарға шабуыл жоспарлы түрде жасалғанын, қалғандарды кездейсоқ шабуылға ұшырағандарын айтады.

Қылмыс жасады деген күдікпен тәртіп сақшылары екі ер адамды - Дэмиен мен Майлз Сандерсонды іздестіріп жатыр. Күдіктілер табылмағандықтан жергілікті тұрғындарға үйде болуға және қылмыскерлермен араласпауға кеңес берілді.

Реклама
Реклама

Жергілікті билік Джеймс Смит ауданында төтенше жағдай жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram