ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2022 | 16:06
Қандай компаниялар Ресейге қарсы санкция жариялады?
Ресейдегі ірі компаниялар, банктер мен жеңіл және жүк көліктерін шығаратын әлемдік өндірушілер қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейдегі ірі компаниялар, банктер мен жеңіл және жүк көліктерін шығаратын әлемдік өндірушілер қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Осылайша, америкалық ірі автомобиль корпорациясы General Motors Украинадағы жағдайға және Батыстың Мәскеуге қарсы санкцияларына байланысты Ресейге көлік экспортын тоқтататынын хабарлады.
"General Motors Ресейге көлік экспортын тоқтатты. Біз оқиғаларды бақылауды және зардаптарды азайтудың тиісті стратегияларын іске асыру үшін шаралар қабылдауды жалғастырамыз", - деп түсіндірді ұйым.
Компания Ресейдегі қызметкерлерін бизнеске салынған санкциялар салдарынан қорғау жұмыстарын жалғастыратынын айтты. Айта кетейік, General Motors-тың 2019 жылдан бері Ресейде өндірісі жоқ, бірақ көлік сатумен айналысады, елге жылына үш мыңға жуық автокөлік жеткізіледі.
Кейбір швед компаниялар да, соның ішінде Volvo Cars және Scania Ресейде бизнес жүргізуді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Volvo Cars қауіп-қатерге байланысты Ресейде жаңа көліктер сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдағаны айтылды.
Сондай-ақ, компания шешіміне АҚШ пен ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары әсер еткен. Scania Ресейге автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді жеткізуді уақытша тоқтатты. Бұл шешім Ресейдің Донбасста арнайы операция бастауына да байланысты.
Сонымен қатар, Volkswagen, Skoda, Audi, Lamborghini, Bentley және Ducati брендтерін біріктіретін немістің Volkswagen автоконцерні ресейлік дилерлерге көлік жеткізуді уақытша тоқтатты.
"Еуропалық Одақ пен АҚШ салған санкциялар салдары анықталғаннан кейін көлік жеткізу қайта басталуы керек", - деп түсіндірді компания өкілі.
Mercedes-Benz Group та КамАЗ-дағы 15 пайыздық үлесін тез арада сатудың заңды нұсқаларын қарастырып жатқаны хабарланды.
Америкалық мотоцикл өндіруші Harley-Davidson Украинадағы жағдайдың шиеленісуінен кейін Батыс салған санкцияларға байланысты Ресейге экспортты тоқтатты. Фирма Ресейдегі қызметін тоқтатқан.
Америкалық трансұлттық қаржы конгломераты, әлемдегі ең ірі банктердің бірі JPMorgan және Данияның ең ірі коммерциялық банкі, Солтүстік Еуропаның жетекші банктерінің бірі Danske Bank ресейлік акциялармен байланысты қорларды тоқтатты. Нәтижесінде JPMorgan Asset Management өкілдері клиенттер JPM Emerging Europe Equity қорының немесе оның ресейлік қорының акцияларын сатып немесе төлей алмайды деп мәлімдеді. Danske Invest Management Шығыс Еуропа қорында сауданы тоқтата тұрғатыны туралы хабарлады.
Халықаралық төлем жүйесі, Mastercard трансұлттық қаржы корпорациясы бірнеше ресейлік банктің жүйеге кіруіне тосқауыл қойды. Mastercard бас директоры Майкл Мибач бұғаттау Ресейге қарсы салынған санкцияларға байланысты екенін айтты. Бұл ретте қандай қаржы институттарына кіруге тыйым салынғаны көрсетілмеген.
Сонымен қатар, Mastercard Украинаға гуманитарлық көмек жіберу үшін серіктестермен жұмыс істейтінін айтты.
Дәл осындай төлем жүйесіне ие Visa трансұлттық компаниясы Батыс елдері Ресейге қарсы санкцияларды сақтауға дайын екенін мәлімдеді.
"Visa қолданыстағы санкциялардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдайды және қолданылуы мүмкін қосымша санкцияларды орындауға дайын", - делінген компания хабарламасында.
Америкалық American Airlines әуекомпаниясы "Аэрофлот" және S7 ресейлік тасымалдаушылармен келісімдер тоқтатылғанын мәлімдеді. Қабылданған шаралар "мерзімсіз" деп аталды. American Airlines Ресейдің әуе кеңістігін халықаралық рейстер үшін пайдаланбайтындығын атап өтті.
Депутаттар, байлар мен банктерге шектеу. Ресейге қай елдер санкция салды?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также