ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2020 | 09:45
Канье Уэст неге АҚШ президенті бола алмайтынын түсіндірді
Америкалық рэпер Канье Уэст АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жете алмайтынын мойындады. Бұл туралы ол Forbes басылымына берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды "Известия".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық рэпер Канье Уэст АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жете алмайтынын мойындады. Бұл туралы ол Forbes басылымына берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды "Известия".
Журналист музыкантқа қарашада өтетін президент сайлауына қатыса алмайтытын, сайлаушылдардың қолын жинап үлгермейтінін айтты. Себебі, АҚШ-тың бірқатар штатында бұл шара аяқталған. Ал заң тұрғысында бұл талапты өзгерту кеш.
"Мен сізбен дауласпаймын", - деді Канье Уэст журналистке.
Сонымен қатар, музыкант "алдағы президент сайлауына АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джозеф Байденнен афроамерикалықтардың дауысын тартып алу үшін қатысты" деген пікірмен келісті. Алайда Канье Уэст Ақ үй және республикалық ұйымдармен байланысы жоқ екенін атап өтіп өтті.
Канье Уэст деген кім және ол неге АҚШ-тың президенті болғысы келеді?
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, Канье Уэст Нью-Джерси штатында АҚШ президенті сайлауына қатысу туралы өтінішін кері қайтарып алған. Мемлекеттік судья Гейл Куксонге хат келген. Онда Уэстің президент сайлауына қатыспайтыны жазылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также