ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2019 | 15:26
Қара теңіз жағалауына 130 келі есірткі шығып қалған
Қара теңіз толқындары Румыния жағалауына 130 келі есірткі салынған пакеттерді шығарып тастаған, - деп хабарлайды ВВС.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қара теңіз толқындары Румыния жағалауына 130 келі есірткі салынған пакеттерді шығарып тастаған, - деп хабарлайды ВВС.
Болжаммен бұл екі апта бұрын иесіз қалған кемеден табылған есірткінің бір бөлігі болса керек.
Осы жағдайдан кейін полицияның 300-ден аса офицері мен жағалау күзетінің 14 кемесі іздеу шараларына кіріскен. Сонымен қатар, іздеу шараларына екі тікұшақ пен сүңгуірлер жұмылдырылған. Іздеу шаралары жағалаудан шамамен 90 шақырымды қамтиды.
Полиция өкілі Георгиан Драган жергілікті тұрғындардан жағалаудан тапқан пакеттерді ашпау туралы ескерту жасады. Оның айтуынша, бұл есірткілер адам денсаулығы үшін өте қауіпті екен.
1 ақпанда Африканың Кабо-Верде елінде 11 ресейлік теңізші ұсталды. ESER кемесінде полицейлер 9,5 тонна есірткі тапқан. Панама елінің туын желбіреткен кеме Панамадан Мароккоға бара жатқан.
Показать комментарии
Читайте также