ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2020 | 08:48
Қарабақта әскери қақтығыстан кейін ондаған адам қаза болғаны хабарланды
Кавказдағы мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Араик Арутюнян аймақтағы жағдайдың шиеленісінен кейін әскери әрекет салдарынан ондаған әскердің қаза болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кавказдағы мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Араик Арутюнян аймақтағы жағдайдың шиеленісінен кейін әскери әрекет салдарынан ондаған әскердің қаза болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Ондаған адам қайтыс болды, тағы онға жуығы араланды. Азаматтар арасынан ондаған адам жараланды, бейбіт тұрғындар арасында көз жұмғандар бар", - деді ол Facebook желісіндегі тікелей эфирде.
Арутюнянның айтуынша, Қарабақта бір ай бұрын Әзербайжанға оқу-жаттығу үшін келген түркиялық F-16 ұшақтары пайдаланылған. Түрік армиясының қарулы күштеріне тиесілі ең заманауи әскери техника қолданылған.
Сондай-ақ ол Талиш бағытында және оңтүстік флангта айырылып қалған позициялар барын атап өтті.
Еске салайық, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.
Бүгіннен бастап Әзербайжанда да соғыс жағдайы енгізілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также