01 шілде 2022 | 23:07

Қарақалпақстанда митингілер басталды: Өзбекстан ІІМ ресми түсінік берді

Өзбекстан ІІМ Қарақалпақстанның бас қаласы - Нүкістегі митингілерге қатысты ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан ІІМ Қарақалпақстанның бас қаласы - Нүкістегі митингілерге қатысты ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ел билігінің тұжырымынша, заңсыз демонстрациялар 1 шілдеде сағат 15.00-де "республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу нәтижесінде" басталған. Қарақалпақстан тұрғындары қала бойынша шерулер ұйымдастырды, осыдан кейін олар орталық дехкан базарының аумағына жиналып, заңсыз демонстрация ұйымдастырған.

"Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу және азаматтардың түрлі құқықбұзушылықтарды жасауына жол бермеу мақсатында дехкан базарының аумағында құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді, азаматтармен заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная