21 шілде 2022 | 10:29

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алып тасталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото ©REUTERS

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуін назарға алып, сондай-ақ, Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін және қабылданған шаралардың арқасында "Төтенше жағдай туралы" Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқығы мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Реклама
Реклама

"Осы жарлық 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап қолданысқа енгізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында дереу жариялануы тиіс", - делінген президент сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная