ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2021 | 16:17
Қарақшылар Гвинея шығанағында 15 түрік теңізшісін тұтқынға алды
Түркияның әскери-теңіз басқармасы қарулы қарақшылар Нигерия жағалауының Гвинея шығанағында түрік жүк кемесіне шабуыл жасап, 15 экипаж мүшесін тұтқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV түрік телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияның әскери-теңіз басқармасы қарулы қарақшылар Нигерия жағалауының Гвинея шығанағында түрік жүк кемесіне шабуыл жасап, 15 экипаж мүшесін тұтқындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV түрік телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметіне сүйенсек, Либерия туын ілген Mozart жүк кемесі Сан-Томе қаласынан 181 шақырым жерде, Лагостан Кейптаунға бет алған. Шабуылдаушылар 15 теңізшіні кепілге алды, ал біреуі қарақшылар қолынан қаза тапты. Қалған үш теңізші кемені қауіпсіз айлаққа шығарды. Қайтыс болған азамат Әзербайжан тумасы екені анықталды, қалған теңізшілер Түркиядан.
Айта кетейік, кеме командирімен Түркия президенті Режеп Ердоған екі рет байланысқа шыққан. Ол бұл процесті мұқият қадағалап отырғанын айтты. Сонымен қатар, ұрланған кеме экипажын құтқаруға арнайы шаралар қабылдауды тапсырды.
Қарақшылар кеме жүйесін істен шығарып, тек портқа жол табу үшін навигацияны қалдырған. Қазіргі уақытта кеме Джентиль Габон портына бет алды.
Халықаралық теңіз бюросының мәліметі бойынша, Нигерия, Гвинея, Того, Бенин және Камерун жағалауын алып жатқан Гвинея шығанағы әлемдегі қарақшылық ең көп болатын қауіпті теңіз аймағы саналады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также