10 мамыр 2020 | 15:24

Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея қатаң шараларға оралмақ

Фото: Reuters

Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея халықты оқшаулаудың қатаң шараларына оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея халықты оқшаулаудың қатаң шараларына оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Штаб мәліметінше, қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда "әлеуметтік қашық" режимі іске қосылған. Ел астанасында карантиннен кейін жұмыс істеуге рұқсат етілген түнгі клубтар мен барлар қайта жабылады.

Реклама
Реклама

Сеул билігі соңғы уақыттарда коронавирусты жұқтырғандар санының едәуір артуына байланысты барлық көңіл көтеру орындарының жұмысын шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдады.

24 сағат ішінде Итхэвон ауданында коронавирусты жұқтырған 18 адам анықталды. Сонымен қатар 17 адамның бәрі бір адамнан жұқтырғаны белгілі болды.

"Вирусты жұқтырған адаммен бір жарым мың адамға дейін байланыста болуы мүмкін деп болжануда. Қала мэрі мамыр айының басында Итхэвондағы клубтарға барғандардың барлығын коронавирусқа тест тапсырып, үйден шықпауға шақырды. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 11 мыңға жақындап қалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная