ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2021 | 11:06
Кариб теңізінен 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды
Кариб теңізіндегі Теркс және Кайкос жағалауларынан 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды, - деп хабарлайды Turks and Caicos SUN Newspaper.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кариб теңізіндегі Теркс және Кайкос жағалауларынан 20 адамның мәйіті жатқан қайық табылды, - деп хабарлайды Turks and Caicos SUN Newspaper.
Полиция комиссары Тревор Боттинстің айтуынша, қайық негізінен осы аралдарға бет алған және Кариб теңізі аймағынан тыс жерлерден келе жатқан болуы мүмкін.
Газет мәліметі бойынша, қайық Гранд-Терк аралы маңында жүзіп бара жатқан. Бастапқыда оны балықшылар байқаған. Кейін олар қайықта мәйіттер барын көріп, полиция шақырған. Бортта 20 адамның денесі болған, оның екеуі бала. Полиция қызметкерлері мәйіттерді жеке басын және өлім себептерін анықтау үшін мәйітханаға жеткізген.
Полиция өкілі Такара Бэйннің айтуынша, тергеушілер шабуыл немесе адам өлтіру нұсқасын қарастырмайды. Адам өліміне әкелген басқа себептер құпия қалып отыр.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, Гаитидің 43 азаматы бар тағы бір қайық ұсталған. Борттағы 34 ер адам мен сегіз әйел "иммиграциялық топқа" берілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также