05 шілде 2021 | 14:30

Каспийде алапат өрттің неден шыққаны анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Әзірбайжан ТЖМ

Каспийдегі өрттің шығуына Алят ауылы мен Нефтчала қаласы арасындағы жағалаудан 30 шақырымдай жердегі Дашлы аралындағы балшық вулканының атқылауы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спутник-Әзірбайжанға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Каспийдегі өрттің шығуына Алят ауылы мен Нефтчала қаласы арасындағы жағалаудан 30 шақырымдай жердегі Дашлы аралындағы балшық вулканының атқылауы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спутник-Әзірбайжанға" сілтеме жасап.

Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) мұнай-газ өндіретін теңіз нысандарында, өндірістік және көлік инфрақұрылымының басқа да нысандарында апат болмағанын мәлімдеді.

5 шілдеде ТЖМ әуе жасағының алдын ала бақылауы кезінде Дашлы аралында балшық жанартауының атқылау дергі анықталған.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта жанартау ошағында жалын бары байқалады. Жанартау теңіз мұнай-газ инфрақұрылымы мен басқа да нысандарға, сондай-ақ адамдардың өміріне қауіп төндірмейді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"Әзірбайжанның SOCAR мұнай компаниясы 2021 жылдың 4 шілдесінде кешке болған өрттен өнеркәсіптік нысандар зардап шеккен жоқ деп мәлімдеді. Компанияның барлық платформалары мен өнеркәсіптік нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда SOCAR қызметкерлері кемемен өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін, әлеуметтік желілерде жексенбі күні кешке Каспий теңізінде, Алят бағытындағы мұнай платформаларының бірінде жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Каспийдің Әзірбайжан секторындағы өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды БАҚ. Жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная