ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 наурыз 2018 16:09
Катманду әуежайының маңында ұшақ құлады, қаза тапқандар бар
Трибхуван атындағы Катманду халықаралық әуежайының маңында Бангладештің жекеменшік US-Banglа әуе компаниясының ұшағы құлады, - деп жазады Kathmandu Post газеті әуе компаниясының өкіліне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ұшақ қонар алдында ұшып-қону жолағына қона алмай, әуежайдың шығыс бөлігіндегі футбол алаңына барып құлаған. Салдарынан өрттің шыққаны айтылады.
Билік өкілдері төтенше жағдайдан қаза тапқандар бар болуы мүмкін екенін айтады, бірақ әзірше ресми мәлімет берілген жоқ.
Видеодан алынған кадр
© РИА Новости
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу