ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2020 | 09:54
Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті
Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық маска жіберді.
"Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 миллион теңгеге жуық, атап айтқанда "Тыныс" АҚ шығарған "Көкшетау-4П" ӨЖЖ аппараттарының құны 328 миллион теңге, "Dolce pharm" ЖШС және "Mega pharm" ЖШС шығарған медициналық маскалар құны - 61 миллион теңге", - делінген министрлік хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также