Қазақстан тумасы АҚШ хаттама басшысының міндетін атқарушы болды

Фото: facebook.com/Duisenali.Sanzhar

Қазақстан тумасы Әсел Робертс АҚШ хаттама басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан тумасы Әсел Робертс АҚШ хаттама басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әсел Робертс (бұрынғы Төленова) АҚШ хаттама бастығының міндетін атқарушы қызметіне 2021 жылдың 20 қаңтарында кірісті.

"Хаттама басшысының кеңсесінде 15 жылдан аса тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарды. Робертс ханым Джорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы Дипломатиялық қызмет мектебін халықаралық құқық және ұйымдар саласындағы бакалавр дәрежесімен тәмамдаған. Ол орыс, қазақ және жапон тілдерінде сөйлейді", - делінген сайтта.

Реклама
Реклама

Әсел Төленова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы ол Джорджтаун университетіне дипломатиялық қатынастар факультетіне, ал бес жылдан кейін АҚШ президентінің хаттама департаментіне қызметке кірді. 2014 жылы департамент басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Әсел Робертс Барак Обама кезінен бері хаттамада 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Оның суретін Германияның федералды канцлері Ангела Меркельдің Instagram-дағы аккаунтынан да табуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама