26 қараша 2018 | 09:03

Қазақстан тумасы Омбы мэриясын өртемек болды деген күдікке ілінді

Белгісіз біреу Омбы мэриясының есігіне тез тұтанғыш сұйықтық құйып, от қойып, жасырынған, - деп хабарлайды Superomsk.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреу Омбы мэриясының есігіне тез тұтанғыш сұйықтық құйып, от қойып, жасырынған, - деп хабарлайды Superomsk.

ҚР СІМ мәліметінше, бұл заңбұзушылықты Қазақстан тумасы жасаған деген күдік бар. Оқиға 23 қарашада, жұма күні сағат шамамен 19.00-де болған.

Реклама
Реклама

Ер адам мэрия ғимаратына кірмек болған, бірақ кіргізбегендіктен есігіне жанғыш сұйық құйып, от қойған. Қала әкімшілігіндегілер бұл мәліметті растады. Басылымның мәліметінше, оқиға орнында ол Қазақстан тумасы Теміртау қаласының тұрғыны 1992 жылғы П.Семеннің паспортын қалдырып кеткен. Болжам бойынша, оның сыбайласы болған. 

Бұл құжатты қаскөйлер өртке еш қатысы жоқ адамға жала жабу үшін де тастап кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. ҚР СІМ өкілдерінің айтуынша, ұсталған адам ҚР азаматы емес.

"Біздің консул дереу жергілікті құқық қорғау органдарымен хабарласты. Ұсталған адам Қазақстан тумасы, бірақ ол Ресей азаматы", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная