07 ақпан 2023 | 09:00

Қазақстан Түркияға шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жібереді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы халыққа көмек көрсету үшін шұғыл түрде Түркияға ұшады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасына ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы халыққа көмек көрсету үшін шұғыл түрде Түркияға ұшады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасына ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларын Түркияға көмек көрсетуге жібереді. Қазір біз Алматыға, сол жерден Түркияға ұшамыз.

ТЖ министрлігінің негізгі құрамын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құрайды, олардың көпшілігі халықаралық сыныпқа ие. Сондай-ақ 41 адамнан тұратын денсаулық сақтау мамандары мен оқытылған қызметтік иттер барады.

Біз өзімізбен бірге арнайы жабдықтар, авариялық-құтқару машиналары мен құралдарын, медициналық жабдықтар, шатырлар алып барамыз. Жақын арада біз Түркия Республикасына келеміз", - деді бірінші вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная